Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Студенттер жас жігітті қорқытып, микрокредит алдырған

12 Сәуір 2025, 22:46
688
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Көкшетаудағы оқу орындарының бірінің үш студенті жергілікті колледждің оқушысын микрокредит алуға мәжбүрлеп, ақшаны өздері алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаны Көкшетау полиция басқармасы қызметкерлері тіркеді.

Қылмыс жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы үш студент анықталды. Олар 2006 жылы туған танысын 175 мың теңге көлемінде микрокредит алуға қорқытып мәжбүрлеген болуы мүмкін, – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, басқа да жәбірленушілердің бар-жоғын тексеріп жатыр. Белгілі болғандай, күдіктілер мен жәбірленуші әртүрлі оқу орындарында оқиды.

Өзгелердің жаңалығы