Студенттер бизнес-тренердің "лекциясына" шағымданды

Кеше, 21:30
254
Бөлісу:
Студенттер бизнес-тренердің "лекциясына" шағымданды
Фото: BAQ.KZ архив

Алматыда студенттер бизнес-тренердің сабағына наразы болып, университет басшылығына шағымданған. Өйткені тренинг барысында лектор студенттерден көздерін жұмып, діни әуенге қосылуды сұраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарияланған видеода студент лекция барысында спикердің діни нақышы бар әуенді қосып, қатысушыларға оны қайталап айтуға ұсынғанын көрсеткен. Бұл формат студенттердің наразылығын тудырып, олар тренингтің жеке бренд қалыптастыру тақырыбына арналуы тиіс екенін және діни сипаттағы элементтер күтпегенін айтқан.

Өз кезегінде, бизнес-тренер бұл діни практика емес, әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын саналы медитация екенін мәлімдеді.

Менің ойымша, студент бұл жаттығуды дұрыс түсінбеді және мені діни үгіт-насихат жүргізді деп айыптады. Бұл ерікті түрде жасалатын тәжірибе болатын, әрі бүкіл тренингтің небәрі жиырмадан бір бөлігін, яғни бір жарым сағаттың екі минутын ғана құрады. Ол қыз аудиториядан өзі шығып кетті. Оны ешкім мәжбүрлеген жоқ, – деді бизнес-тренер.

Нархоз университетінің басшылығы студенттерден кешірім сұрады.

Университет шын жүректен кешірім сұрайды және бұл іс-шараның қатысушылар арасында теріс пікір тудырғанына өкініш білдіреді. Біз студенттердің пікірін бағалаймыз және олардың кері байланысы мен белсенді ұстанымы үшін алғысымызды айтамыз. Университет әкімшілігі бұл жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін ішкі талдау жүргізді. Бастапқыда спикердің тақырыбы 'Жеке брендті нөлден бастау' деп жарияланған болатын. Алайда, қонақ дәрісі барысында айтылған кейбір тұжырымдар мен әдістер бұл тақырыпқа сәйкес келмеді, – деп хабарлады университет өкілдері.

Сонымен қатар, университет басшылығы мұндай дәрістердің өткізілу тәртібіне қосымша өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы