Студенттер аты аңызға айналған Дос-Мұқасан тобының тарихымен таныса алады

2 Қараша 2022, 17:27
1131
Бөлісу:
Студенттер аты аңызға айналған Дос-Мұқасан тобының тарихымен таныса алады
Фото: автордан

Торайғыров университетінде open-space форматында аты аңызға айналған Дос-Мұқасан тобының тарихы туралы сыр шертетін шағын музей жұмыс істейді, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Музей экпозициясы 2008 жылы ашылған. Сол кезде қазақтың «Битлзы» Павлодарға гастрольдік сапармен келіп, шығармашылық кеш өткізген. Осы уақытта Торайғыров университетінің басшылығы оқу орнында шыған музей ашу бастамасын көтерген. Өнерпаздар қарсылық білдірмей, ұсынысты қуана-қуана қабылдады. 

Студенттер аты аңызға айналған Дос-Мұқасан тобының тарихымен таныса алады

Бүгінде дос-мұқасандықтар тарту еткен жеке заттар, құжаттар мен фотосуреттер экпозицияның төрінен орын алған.

Музей кешенінің директоры Гүлнар Рақымжанованың айтуынша, осы тектес рухани азық ордасының Павлодарда болуы – заңды құбылыс. Себебі, вокалды-инструменталды ансамбльдың тарихы Ертіс өңірінен басталады.

«Дос-Мұқасан» тобы Баянауыл жерінде құрылды. 1967 жылы сол кездегі Алматы политехникалық институтының студенттері құрылыс отряды ретінде Баянауылға келді. Жастар халықтық шаруашылық нысандарды салуға атсалысты. Шығармашыл студенттер алғашқы концерттерін де сол жерде өткізді. Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Асанбаев және Александр Литвин алғаш рет өнер көрсетіп, «Дос-Мұқасан» тобы атанды, - дейді Гүлнар Рақымжанова.

Студенттер аты аңызға айналған Дос-Мұқасан тобының тарихымен таныса алады

Бүгінде музей қорында жүздеген жәдігер бар. Барлығы түпнұсқа күйінде сақталған. Келішулер концерттік костюмдер, музыкалық аспаптар, жарқағаздар мен өзге де заттарды тамашалай алады. 

Айта кетейік, бұл - музыкалық топқа арналған Қазақстандағы жалғыз музейлік экпозиция. 

Өзгелердің жаңалығы