Стресс алған қар барысының жағдайы белгілі болды

5 Мамыр 2023, 18:00
1156
Бөлісу:
Стресс алған қар барысының жағдайы белгілі болды
Фото: автордан

Алматы хайуанттар бағындағы қар барысының жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қар барысы Алматы облысы Сарыбастау ауылынан 20 сәуір күні әкелінген еді. Жасы 2,5-3-те. Қазір жануар мамандардың қарауында.

Қызыметкерлердің айтуынша, жануар әбден әлсіреген. Сол жақ алдыңғы аяғы табаны мен артқы аяқтарынң табанында кесілген жарақаттар байқалған.

Стресс алған қар барысының жағдайы белгілі болды

Жыртқыш жануар стресс алған. Біз оны барынша мазаламай, тынығуына жағдай жасаймыз. Тәбеті жақсы, күніне 2,5 кг ет жейді. Оған сиыр, тауық қоян еттері беріледі. Қазіргі кезде жағдайы түзеліп келеді. Жануардың денсаулық жағдайын толық анықтау үшін сынамала тапсырылады. Рентгенге түсірген едік, нәтижесін күтіп отырмыз»,– дейді Алматы хайуанттар бағының қызыметкерлері.

Ветеринар дәрігер толықтай бақылау жүргізіп, оның аяқтары жарақат салдарынан дірлдейтінін анықтаған. Мамандар имунитет көтеретін дәрілер салып, жарасын таңғанан кейін барыс арнайы жеке карантиге орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы