«Странджа» кубогы: Финалда қазақ боксшылары бір-бірімен жұдырықтасады

Кеше, 14:30
2405
Бөлісу:
«Странджа» кубогы: Финалда қазақ боксшылары бір-бірімен жұдырықтасады
Фото: Бокс федерациясы

Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогы» финалында қазақ боксшылары алтын жүлдені өзара сарапқа салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нақтырақ айтсақ, ерлер арасында төрт салмақта, әйелдер арасында бір салмақта қазақстандық боксшылар финалда өзара жолығады.

Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бір алтынға таласса, 71 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов пен Фарух Тоқтасынов өзара кім мықтыны анықтамақ.

Ал 75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов пен Тимур Нұрсеитов бір-бірімен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Сондай-ақ, 86 келі салмақта Нұрбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов өзара мықтыны анықтайды.

Әйелдер арасында қазақстандық боксшылар арасында тек бір салмақта қос қазақстандық боксшы алтын медальді сарапқа салады.

Олар - аса ауыр (+81 келі) салмақта сынға түсіп жүрген боксшылар Ләззат Күнгейбаева мен Дина Исламбекова «Странджа кубогының» басты жүлдесі – алтынға таласады.

 

Өзгелердің жаңалығы