Степногорсктегі мұнай өңдеу зауытында жаңа жұмыс орындары ашылады

13 Тамыз 2020, 12:34
1668
Бөлісу:
Степногорсктегі мұнай өңдеу зауытында жаңа жұмыс орындары ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазына капитал менеджмент" акционерлік қоғамы Степногорсктегі шағын мұнай өңдеу зауыты жобасының екінші кезеңін қаржыландырды. Жаңғыртылған өндірісті іске қосу кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы "Қазына капитал менеджмент" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Астана-Ойл" мұнай үйі" ЖШС-не инвестициялар қоры арқылы 941,2 млн теңге мөлшерінде екінші транш аударылды.
 
Шағын зауыт арктикалық қысқы дизель отынын өндіруге мамандандырылған. Бөлінген қаржыға жаңа мұнай өңдеу қондырғысы орнатылып, жазғы дизель мен қысқы дизель отыны, жоғары октанды бензин, пропан-бутан сұйытылған газы, пеш және кеме отыны қайта өңделетін болады. Жаңа инновациялық технология қайта өңдеу көлемін 95%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, технологиялық процестер жеңілдеп, нарықта арзан мұнай өнімдері пайда болады, ең бастысы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады.
Жаңғыртуды белгіленген мерзімде іске асыруды жоспарлап отырмыз. Пандемия зауыттың қызметіне айтарлықтай әсер етпеді, өйткені дизель отынын тұтынатын жер қойнауын пайдаланушылардан сұраныс бар. Кәсіпорындағы барлық жұмыс орындары сақталды, өндіріс кесте бойынша жүргізілуде. Жаңа мұнай өңдеу қондырғысын орнатқан соң, қосымша 10-15 маманды жұмысқа қабылдаймыз, - дейді "Астана-Ойл" мұнай үйі" ЖШС бас директоры Владимир Грищенко.

Өзгелердің жаңалығы