Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Степногорскте борышкерлерден 23 млн теңге алимент өндірілді

24 Қараша 2025, 13:27
391
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Степногорск қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саладағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алимент төлеуден қасақана жалтарған екі борышкер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылып, оларға 300 сағаттық қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, жеті борышкер ӘҚБтК–нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 2-ден 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынды.

Ағымдағы жылы қадағалау шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 23 млн теңгеден астам мөлшерінде алимент өндірілді. Прокуратурамен екі жеке сот орындаушыларының қызметінде табыстарын төмендетіп көрсету арқылы салық төлеуден жалтару бұзушылықтар анықталды. Қадағалау актісінің нәтижесінде олардан бюджетке 855 мың теңге өндірілді.Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны және жұмыстағы олқылықтары үшін алты сот орындаушыға тәртіптік жаза қолданылды, – делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарламасында.

Прокуратура қабылданған шаралар азаматтардың бұзылған құқықтары н қалпына келтіруге, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға және сот орындаушылары қызметіндегі заңдылықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы