Степногорск ЖЭО-дағы оқыс оқиға: бір жұмысшы қайтыс болды

Ақмола облысында жылу электр орталығы аумағындағы жазатайым оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 26 Тамыз 2025 2025, 23:19
26 Тамыз 2025 2025, 23:19
668
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында жылу электр орталығы аумағындағы жазатайым оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығы аумағында болған жазатайым жағдай салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үшеуі монтаж жұмыстары кезінде жарақат алды.

Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті хабарлады.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу органдары трагедияға әкелген барлық мән-жай мен себептерді анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп жазылған департамент хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Наверх