Степногор ЖЭО апатының себебі аталды

10 Ақпан 2024, 18:38
91
Бөлісу:
Степногор ЖЭО апатының себебі аталды

ҚР Энергетика министрлігі Степногор ЖЭО-да апаттар мен технологиялық бұзушылықтар болмағанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылумен жабдықтау параметрлерінің төмендеу себебі электр тарату желісінің ажыратылуына байланысты. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, желілік су айналымы қамтамасыз етілді, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетсек, бұдан бұрын Степногор жылу энергия орталығындағы апатқа байланысты тұрғындар жылу және электр жарығынан ажыратылғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы