Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір аптадан соң Финляндияның Лахти қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогі басталады. Аталған сынға Қазақстан командасы да дайындалуда. Құрама спортшыларына шетелдік кеңесші шақыртылған. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Команда үздіктерінің бірі Максим Коломоец жаттығу барысымен бөлісті.
«Оқу-жаттығу жиынының басталғанына біраз болды. Жаттығу орта тау деңгейінде өтуде. 2600 метр биіктікте дайындалып жатырмыз. Спортшыларға ресейлік маман Василий Мосин кеңес беруде. Сондай-ақ, бізбен бірге психолог және массажшы жұмыс істеуде. Уақыт өте келе бабымызға енеріміз сөзсіз. Мақсатымыз – әлем кубогінде жақсы нәтиже көрсету», - дейді Максим.