Ұстаз мәртебесі. Колледж мұғалімдерінің жалақысы өсті

7 Қазан 2020, 17:45
5243
Бөлісу:
Ұстаз мәртебесі. Колледж мұғалімдерінің жалақысы өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты онлайн жиында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Министр техникалық және кәсіптік білім беру саласының педагогтерін мерейтоймен құттықтады.

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі көптеген реформа, қайта құрылу мен толықтырудан өтті. Бірнеше үлкен өзгеріс қазір де болып жатыр. Мұның бәрі жүйенің тиімді жұмыс істеуіне септігін тигізеді, - деді ол.

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 40 мыңнан астам педагогтер істеп жатыр. 700 мыңнан астам студент білім алуда. 

Соңғы бір жылдың ішінде болған өзгерістерге туралы айтып өтейін. «Педагогтер статусы» заңының аясында жақсы істер басталды. Біршама мәселе шешілді. Осыған дейін заң шеңберінде мектеп педагогтері ғана пайда болған мәселелерін шеше ала ма деген ойлар да болды. Дегенмен Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балабақша педагогтері мен кәсіптік-техникалық ұйымдарының педагогтері де осы заңмен қамтылды.  Соның арқасында әріптестеріміздің (тілші – аталған ұйым педагогтерінің) қаңтар айынан бастап 25%-ға өсті. Әрі қарай жыл сайын 25%-ға артып отыруы туралы шешім қабылданды. Оған сәйкес Президенттің тиісті тапсырмасы бар, - деп атап өтті Білім министрлігінің басшысы.
Министр колледж оқытушылары өздерінің кәсіби біліктілігі, категориясына сәйкес жалақы алу мәселесін көптен бері көтеретінін айтты. 

10 жыл бойы қандай кездесу болса да колледж мұғалімдерінің ең бірінші мәселесі жалақы болатын. Ал екінші мәселесі – категория бойынша үстемақы төлеу. Олар мектепте беретін үстемақыны берсе болды деген ұсыныстар айтатын. Сонда мектепте ең жоғары категорияға алатыны – бір минимал жалақы немесе 17-18 мың теңге. Сол 17-18 мың теңгені бізге ең жоғары категорияға берсе, сол да бізге жеткілікті деген ұсыныстар болған. Бірақ заңнама шеңберінде бұдан да жақсы шешімдер қабылданды. Енді педагогтер, колледжде істейтін педагогтер 18 мың теңге емес, ай сайын алатын жалақыларының 30-50% мөлшерінде үстемақы алады, - деді Асхат Аймағамбетов.



Өзгелердің жаңалығы