Статистика: Қазақстанда ер азаматтар алғаш рет 28 жасында үйленеді

16 Сәуір 2023, 13:33
1639
Бөлісу:
Статистика: Қазақстанда ер азаматтар алғаш рет 28 жасында үйленеді
Фото: baigenews.kz

Ұлттық статистика бюросының еліміздегі некеге тұру мен ажырасу бойынша 2022 жылғы көрсеткішті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 салыстырғанда 8,5%-ға аз. Өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8% құрады. Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі 79,1%, әйелдер арасында – 81%.

Некені алғаш құрғандардың орташа жасы ерлерде – 28 жас, ал әйелдерде – 25,2 жас. 2022 жылы некелердің ең көбі тамыз айында тіркелген – 15 267.

Ажырасуларға келсек, былтыр 44,5 мың ажырасу тіркелді, бұл 2021 салыстырғанда 7,7%-ға аз. 2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған. Олар ажырасулардың жалпы санының 34,6%-ына тең, ал некеде 5-9 жыл тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%.

Өзгелердің жаңалығы