ҰЭМ Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады

6 Қазан 2020, 15:07
3548
Бөлісу:
 ҰЭМ Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

  Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

Нұр-Cұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 5 қазан

                 №427


Қазақстан Республикасы 

Президентінің

                2020 жылғы 5 қазандағы 

№  427  Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі туралы

ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттiк статистикалық қызмет, реформалар жүргізу және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. Агенттіктің ведомствосы – Ұлттық статистика бюросы және оның облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық бөлімшелері болады.

3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

9. Агенттіктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000,                 Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21.

10. Агенттіктің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Агенттіктің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

Егер заңнамалық актілерде Агенттікке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда сондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.

2-тарау. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Агенттіктің  миссиясы: реформаларды  қалыптастыру  мақсатында  материалдар мен  ұсыныстарды дайындау және тиімді іске асыруға жәрдемдесу; стратегиялық  жоспарлау, мемлекеттік  статистикалық  қызмет  салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; мемлекеттік басқару жүйесін және квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу.

15. Агенттіктің міндеттері:

1) стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

2) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен жаңғыртуға қатысу;

3) елдің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін әзірлеу;

4) мемлекеттік статистикалық қызметті дамыту, оның ішінде статистикалық әдіснаманы қалыптастыру және статистикалық ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету арқылы дамыту.

16. Агенттіктің функциялары:

1) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;

2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әдіснамасы мәселелерін реттейтін құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

3) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

4) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарларын әзірлеу, түзету, олардың іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарына мониторинг пен бағалау жүргізу;

5) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау, келісу, олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау кезінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау;

7) ведомствоаралық келіспеушіліктер туындаған жағдайда реформаларды іске асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар беру;

8) мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;

9) елдің дамуын, халықаралық үрдістерді стратегиялық болжау және оларға талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды тұжырымдай отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу;

10) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу әдіснамасын жетілдіру, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

11) ведомстволық статистикалық байқаулар саласындағы жұмыстарды әдіснамалық сүйемелдеу;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге де республикалық, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақпаратты жүйелі түрде жинау, тексеру және сыныптау;

13) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру мақсатында қабылданатын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және мониторингтеуге қатысу;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республика-сы Президентінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

17. Ведомствоның  функциялары:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және ведомстволық статистика саласындағы құқықтық актілерді бекіту;

3) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

5) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру;

6) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және ынтымақтастық аясында шарттар жасасу;

7) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде алдағы күнтізбелік жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

8) жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;

9) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу;

10) алғашқы статистикалық деректерді жинауды жүзеге асыру және (немесе) әкімшілікті деректерді алу, оларды қорыту мен талдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;

11) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету;

12) әкімшілік деректерді тек қана статистикалық ақпаратты жасау және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдалану;

13) статистикалық сыныптауыштарды әзірлеу және бекіту;

14) мемлекеттік статистика органдарын уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз ету;

15) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:

 статистикалық бизнес-тіркелім;

 халықтың статистикалық тіркелімі;

 ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі;

 тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;

16) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорлардың жинақталуын, жүргізілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету;

17) респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

18) мемлекеттік статистика органдары статистикалық қызметінің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне талдау жүргізу және талдау жүргізуге қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұрату;

19) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастыру;

20) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімін әзірлеу;

21) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін бекіту;

22) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша әдістемені әзірлеу және бекіту;

23) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін бекіту;

24) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекіту;

25) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бекіту;

26) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту;

27) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;

28) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бағаларды тіркеуді жүргізу;

29) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;

30) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу;

31) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекіту;

32) уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;

33) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

34) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекіту;

35) Қазақстан Республикасының заңнамасында салықтық құпия ретінде айқындалған, ұсынылатын мәліметтер тізбесін және оларды ұсыну тәртібін бекіту;

36) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар қабылдаған, реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілерді жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

37) дерекқорларды ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекіту;

38) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекіту;

39) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекіту;

40) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

41) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұсыну енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беру;

42) өз құзыреті шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағымды қарау;

43) Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну;

44) монополияға қарсы органның келісуімен мемлекеттік монополия субъектісі, ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымы  өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

45) Ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;

46) ұлттық санақ жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

47) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

48) санақ парақтарын әзірлеу және бекіту;

49) ұлттық санақтарды жүргізу;

50) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

51) мемлекеттік органдармен ақпараттық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл жасау туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

52) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыру мен жариялауды қамтамасыз ету;

53) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;

54) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту;

55) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту;

56) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;

57) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қызметіне қанағаттану деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауалнама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

58) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен тестілеу жүргізу және жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың жобаларын талқылау қағидалары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;

59) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлердің саны мен олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;

60) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

61) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

62) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

63) Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, сондай-ақ тергеп-тексеруді жүргізетін органның сұрау салуы бойынша сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті орган арқылы мәліметтер ұсыну;

64) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;

65) қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі алғашқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;

66) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;

67) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

68) статистикалық жарияланымдардың қалыптастырылуын қамтамасыз ету және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті орган ведомствосының таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;

69) заңнамада көзделген жағдайларда ведомствоның ведомстволық бағынысты ұйымының даму жоспарын және оны орындау жөніндегі есепті қарау, келісу және бекіту;

70) Қазақстан Республикасының заңнамасында Ұлттық статистика бюросына жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.

18. Алға қойылған міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін Агенттікке мынадай құқықтар мен міндеттер беріледі:

1) стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;

2) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Ұлттық банкінен, орталық мемлекеттік органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан сұрату және алу;

3) стратегиялық жоспарлау саласында заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;

4) халықаралық шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдерге қол қою;

5) шетелдік сарапшылар мен консультанттарды заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;

6) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құру;

7) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;

8) құпиялылық талаптарын ескере отырып, алғашқы және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;

9) Агенттіктің, оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, қабылдау және бекіту;

10) Агенттікке, ведомствоға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;

11) Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

19. Агенттікке басшылықты төраға жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады. 

20. Агенттіктің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

21. Агенттік төрағасының өзінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын екі орынбасары болады.

22. Агенттік төрағасының өкілеттіктері: 

1) Агенттіктің қызметіне басшылық етуді, ведомствоның қызметін бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады;

2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік аппаратының басшысын және ведомство басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

4) Агенттік пен оның ведомствосының еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған жұмыскерлеріне (қызметкерлеріне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, ведомствоның, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыскерлерін және өзге де адамдарды мемлекеттік наградалармен наградтау және оларға Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын беру туралы ұсынулар енгізеді;

6) Агенттіктің құқықтық актілеріне қол қояды, қармағындағы жұмыскерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды қабылдайды;

7) ведомство туралы ережені бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымын бекітеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

10) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар мен сараптама комиссияларын құрады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Агенттіктің төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

24. Агенттіктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

25. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын, сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыратын аппарат басшысы басқарады.

26. Агенттік аппаратының басшысы:

1) Агенттіктің жұмыскерлерін, Агенттік төрағасының келісімімен –құрылымдық бөлімшелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) Агенттік төрағасының келісімімен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

3) Агенттіктің, оның ведомствосы мен ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4) Агенттіктің мемлекеттік сатып алу саласына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының функциясын орындайды;

5) Агенттіктің стратегиялық жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

6) құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде әзірленген операциялық жоспарды, сондай-ақ қажеттігіне қарай Агенттіктің перспективалық, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекітеді, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

7) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін орталық атқарушы органның басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

8)  Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

27. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлікке ие бола алады.

Агенттіктің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

28. Агенттікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

29. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

30. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының

қарамағындағы ұйымдарының тізбесі

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының

аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

  1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  2. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  4. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  5. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  6. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  7. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  8. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  9. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  10. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  11. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  12. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  13. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  14. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  15. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  16. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  17. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

________________________


Қазақстан Республикасы 

Президентінің

              2020 жылғы 5 қазандағы 

№  427  Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің

ҚҰРЫЛЫМЫ

Басшылық

Стратегиялық жоспарлау департаменті

Экономикалық саясатты жетілдіру департаменті

Институционалдық реформалар департаменті

Әлеуметтік-әкімшілік реформалар департаменті

Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау департаменті

Персоналды басқару қызметі

Ішкі аудит қызметі

________________________


Қазақстан Республикасы

Президентінің

       2020 жылғы 5 қазандағы 

№  427 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті-нің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша:

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері

2862

».

2. «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., № 17, 212-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі:

«

Жергілікті және басқа соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары, жергілікті  және басқа соттардың судьялары

Президент

Жоғары

Сот

Кеңесі

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

         «

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

Президент

Қазақстан Республика-сының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

»;

«

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ереже:

3-тармақтың тоғызыншы абзацындағы «министрі енгізеді.» деген сөздер «министрі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы  жөнінде – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындайтын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары жөнінде – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы енгізеді.»;

мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:

«Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгеше шешім қабылдамаса, стратегиялық жоспарлау мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы және басшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының  басшысы.».

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы  Президентінің  2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2007 ж., № 1, 5-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы».

4. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, операциялық бағалауға уәкілетті органдардың қызметін әдіснамалық үйлестіруді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.

Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.»;

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексерілуге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп жүзеге асырады.»;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Нәтижелілікті бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастыру  жағынан сүйемелдеуді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тиімділікті зерттеу, талдау және бағалау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымды тарта отырып  жүзеге асырады.

Нәтижелілікке жыл сайын бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды нәтижелілікті бағалау жүйесін әдіснамалық дамытудың тәсілдерін айқындау, олардың тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау, сондай-ақ ұлттық және ведомстволық статистиканың уақтылы және анық деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде үйлестіруді Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жүзеге асырады.».

5. «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімінде:

«Төсбелгілер:» деген бөлім:

мынадай редакциядағы 14-кіші бөліммен толықтырылсын:

«14. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы:

«Статистика үздігі»;

«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар)» деген 2-бөлімі:

мынадай редакциядағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Статистика үздігі» төсбелгісі                      (126-қосымша)

«Статистика үздігі» төсбелгісі жез қорытпасынан жасалады және біріне- бірі орнатылған әртүрлі түсті 2 (екі) бөліктен тұрады.

Жоғарғы планкасы тік төртбұрыш пішінді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түсті қатқыл жібек лентамен көмкерілген.

Төменгі жазықтығы диаметрі 32 мм дұрыс дөңгелек пішінді. Ортаңғы жазықтығы көк эмальмен боялған диаметрі 30 мм дұрыс дөңгелек пішінді. Жазықтық шеңберге жинақталған бірдей жеті фрагменттен жасалған. Фрагменттер жезден (сары түсті) ақ эмальда ою-өрнек түрінде жасалған.

Ортасында диаметрі 24 мм дұрыс дөңгелек пішіндес үшінші жазықтық орналасқан. Дөңгелектің ортасында композиция орналасқан, онда бейнесі күн сәулелері шашылған диаграмма түрінде стильденген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы эмблемасының фрагменті бар. Эмблеманың үсті  –  «Статистика үздігі» деген жазумен, төменгі жағы лавр бұтағымен көмкерілген.

Жоғарғы және төменгі бөліктері құрамдас бөліктерінің тұтастығын білдіретіндей  шығыршықпен бір-біріне жалғанған.

Төбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.»;

Сипаттамаларға 126-қосымшамен толықтырылсын:

«

Сипаттамаларға

126-қосымша

«Статистика үздігі» төсбелгісі

Осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларымен марапаттау (ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларынан айыру) қағи-далары:

«Статистика үздігі» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы 89-тармақпен толықтырылсын:

«Статистика үздігі» төсбелгісі»

89. «Статистика үздігі» төсбелгісімен статистика саласының қызметкерлері жұмысында ең жоғарғы нәтижелерге жеткені, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырманы орындағаны, статистика саласында заң жобалары мен заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысқаны, практикада статистика қызметін жетілдіру бойынша теориялық білімдерін енгізгені және осы саладағы басқа да жетістіктері үшін наградталады.».

6. «Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 100-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:

Келімбетов Қайрат Нематұлы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

7. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«1. Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген  тарауда:

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры» деген жолдан кейін 

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы»;

«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген  тарауда:

«А» корпусында:

«1-санатта»:

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы»;

«2-санатта»:

«Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары»;

«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:

«Б» корпусы» деген бөлімде:

В санаттарының тобында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі»;

С санаттарының тобында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы»;

«С-1 санатында»:

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«1Орталық атқарушы органдардың ведомстволарын, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросын қоспағанда.

Орталық атқарушы органның ведомствосында, егер республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің штат саны он мың бірліктен асатын болса, лауазымды енгізуге жол беріледі.».

8. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің  кейбір мәселелері   туралы» Қазақстан Республикасы    Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

«Жалпы ережелер» деген 1-тарауда:

3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы; жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;

2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары;».



Өзгелердің жаңалығы