Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 14 маусымда Гаага апелляциялық соты акциялар мәжбүрлі орындаудан халықаралық әдет-ғұрып құқығы негізінде иммунитетке ие деп шешті.
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі хабарлады.
Гаага Апелляциялық соты Қазақстан Республикасына қарсы шығарылған төрелік шешімді орындау мақсатында Анатол және Габриэль Статидің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тиесілі KMG Kashagan B. V. акцияларына салынған тыйымның күші жойылды. 2019 жылғы мамырда, яғни тыйым салынған кезде, бұл акциялардың құны 5,2 млрд долларға бағаланған.
Сот KMG Kashagan B. V.-дегі «Самұрық-Қазына» акциялары БҰҰ Конвенциясының 19(с) бабының мақсаттарына сәйкес, себебі Стати акциялардың қоғамдық мақсаты жоқ екендігіне «сенімді дәлелдер» көрсете алмады. Бұл тұрғыда сот негізінен «Самұрық-Қазынаның» Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттемесіне сілтеме жасады.
Сот, сонымен бірге, Статиге сот шығындарын төлеуге міндеттеді.
Бұл шешім Нидерланды Жоғарғы Сотының 2021 жылғы желтоқсандағы алаяқтық жолмен алынған төрелік шешімді танудың күшін жою туралы шешімінен кейін келеді.
Бұл Қазақстан үшін, оның халқы үшін елеулі жеңіс, ал Стати үшін тағы да бір жеңіліс - деп Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин бұл шешімге түсініктеме берді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі - Марат Бекетаев, бұл шешімді түсіндірді.
Біз KMG Kashagan B.V. акцияларына біржақты тәртіппен алынған тыйым салу бастапқыда заңсыз болғанына күмәнданбадық. Енді мұны сот растады, тыйымның күші жойылды, әділеттілік орнады – деді ол.
Бұдан басқа, 2022 жылғы 14 маусымда бірінші сатыдағы Брюссель соты Статидің Қазақстан Ұлттық қорының активтеріне заңсыз салынған тыйым нәтижесінде келтірілген залалды өтеу туралы талапты қарауды жалғастыруға мүмкіндік беретін шешім шығарды.
Бұл шешім Брюссель Апелляциялық сотының 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімінің нәтижесі болды. Бұл Статидің Қазақстанға салған инвестициялары жосықсыз жасалғанын және Статидің 2013 жылы шығарған төрелік шешімнің алаяқтық жолымен алынғанын растады. Сондай-ақ, сот төрелік шешімнің күшін жою процесстері кезінде Стати Швед соттарын әдейі адастырды деп шешті.
2021 жылғы 16 қарашадағы шешімнің нәтижесінде Қазақстан Ұлттық қорының активтеріне Бельгияда бұрын Статимен салынған барлық тыйымдардың күші жойылды. Осының салдарынан, Қазақстан бірінші сатыдағы Брюссель сотына Статидің Бельгияның Жоғарғы сотының қарауындағы істер аяқталғанға дейін бұл процесті тоқтата тұруға бағытталған әрекеттеріне қарамастан, активтерге заңсыз салынған тыйым үшін Статидің шығындарды өтеуі туралы талап-арызбен жүгінді.
Бірінші сатыдағы Брюссель соты Статидің бұл өтінішін қабылдамай, Қазақстан Республикасы өз өтінішін Брюссель Апелляциялық сотының шешіміне, яғни «Стати төрелік талқылау алдында, кезінде және одан кейін де заңсыз және алаяқтық әрекеттер жасады» деген тұжырымға негізделгенін және Қазақстан Статидің алаяқтығының «барлық құқықтық және процестік салдары үшін жауапқа тартуға» ұмтылып отырғанын атап өтті. Осылайша, сот Республиканың өтінішін «негізді» деп тапты.
Олар Қазақстан халқына және Бельгияның сот жүйесін теріс пиғылда пайдаланғаны үшін келтірілген залалды өтеуге тиіс - деп Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Мусин бұл шешімге түсініктеме берді.
Біз, Стати сияқты қылмыскерлермен күресуді жалғастырамыз және алаяқтардың біздің елімізді, инвестициялық жүйемізді, халқымыз бен ресурстарымызды өз мүдделеріне пайдалануына жол бермейміз. Біз, Стати мен олардың сыбайластарын, соның ішінде Дэниел Чапманды және оның Argemtem Creek компаниялар тобын барлық юрисдикцияларда жауапкершілікке тарту үшін барлық қол жетімді құқықтық қорғау құралдарын қолданамыз – деді Марат Бекетаев.
Сот Статидің Қазақстанға өтеуге тиіс залал сомасын анықтау үшін 2023 жылғы қазанға үш күндік сот талқылауын тағайындады. Сондай-ақ, өзінің дәлелдемелерін ұсыну үшін Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін процессуалдық кестені белгіледі.