Стартаптағы табысты әйелдер жайлы не білеміз?

7 Тамыз 2020, 13:44
3196
Бөлісу:
Стартаптағы табысты әйелдер жайлы не білеміз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді және әйелдер бұл салада ерлерден қалысар емес.

Мысалы, өткен жылы Forbes бағалауы бойынша, ең бай ресейлік деп танылған Wildberries интернет-платформасының негізін қалаушы Тамара Бакальчукты атап кетуге болады. 

Ал Қазақстанда бизнестегі әйелдердің жағдайы қандай? Стартапта қандай қиындықтар бар?Бұл туралы HUBSpeakers негізін қалаушы және бас директоры Елена Гришнева мен Kompra контрагенттерін тексеру сервисінің СЕО, Kompra Filter жобасының жетекшісі Рината Илюбаева айтып берді.

Елена Гришнева - HUBSpeakers халықаралық спикерлер бюросының негізін қалаушы

табыс.jpeg

- Стартапқа қалай келдіңіз?

-2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда спикерлер бюросын ашу идеясы келді. Мен тұрған Мәскеуге спикерлердің сөздеріне, қызметкерлерді орыс немесе шетелдік азаматтардың оқытуына сұраныс түсе бастады. Сұранысты байқап, мен Нұр-Сұлтанда кеңсе ашамын деп шештім.

Бұл салада қандай қиындықтар болды?

Біздің компания 2014 жылы Ресейде құрылды. Клиенттерімізбен көп кездеспедім, көбіне жұмыс қашықтан жүргізіледі. Қызметкерлер әртүрлі қала мен елде орналасқан. Біз мұнда бизнесті қолға алған кезде қиындықтар басталды. Қазақстаннан Мәскеуге дейін келісімшарттар қашықтан жасалады. Ал Қазақстаннан Қазақстанға, әдетте, жеке кездесу керек.

-Стартап үшін табысқа жетудің әмбебап рецепті бар ма?

-Бизнесте жетістікке жету үшін өз назарыңызды, күш-жігеріңізді, уақытыңызды жұмсау керек. Сіздің өніміңіздің айналасында не болып жатқанына қызығушылық танытыңыз. Тіпті оған ешкім сенбесе де, ең бастысы өзіңізге сенуіңіз керек.

Қазақстанда әйелдер стартапының даму перспективаларын қалай бағалайсыз?

Жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, өкінішке қарай, әйелдер бұл жерде ерекшеленбейді. Сондықтан, егер сіз өз ісіңізбен айналысқыныз келсе, ер адамның көмегі керек. Бұл мәселені шешу үшін біз Қазақстан аумағындағы өкілдікті басқаратын адамды тауып, сол арқылы бір жыл ішінде компанияның айналымын екі есе арттырдық. Сондай-ақ, мен ұлт айырмашылығын байқадым: орыстардың жаны инженерлікке жақын, техникалық қыры басым, ал қазақстандықтар - жақсы басшылар мен сату шеберлері.

Менің ойымша, егер әйел адам өзінің стартапын Қазақстанда іске қосуды шешсе, оны байыпты қабылдайтындар аз болады. Ер серіктес іздеуіміз керек немесе Мәскеуде өз ісіңді жасау қажет, онда кәсіпкер әйелдерге үлкен құрметпен қарайды. Мәселен, биыл мен E&Y ұсынатын "Ресейдің іскер әйелі" сыйлығының финалисі болдым.

-Болашақ жоспарларыңыз қандай? Карантин сіздің бизнесіңізге қалай әсер етті?

Қазақстан онлайн режиміне қалай өту керегін ойлап отырса, Ресей әлден виртуалды шындықты пайдаланып жатыр. Мәскеу, Петербург, Ресей облыстары бізге онлайн конференциялар, мастер-класстар, "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалы ойынын ұйымдастыру үшін бізге хабарласады.
2020 жылдың наурыз айынан бастап, Қазақстанда төтенше жағдай енгізілген кезде, біздің индустрия тоқтап, әлі де өз қалпына келмеді. Бұл таңғаларлық, өйткені мен Қазақстанды соңғы бірнеше жылдан бері цифрландыру мәселесі алаңдатып келе жатқанын білемін. Шын мәнінде, ел онлайн режимде жаңа өмірге мүлдем дайын болмады. Осы 5 ай ішінде біз Қазақстандағы түрлі ауқымдағы 200-ден астам компаниямен сөйлестік, олардың 99%-ы жыл соңына дейін өз қызметкерлерін оқытуды жоспарламайды. Біздің негізгі бизнесіміз кідіріп тұрса да, біз қол қусырып отырмаймыз. Біз қызықты жобалармен серіктестік туралы келісеміз, Astana Hub-тың акселерация бағдарламасынан өттік, тіпті тестілік режимде жаңа Nomad Speaker стартапын іске қостық. Бұл - клиенттер қалаған спикерінің сөйлеуіне өтініш қалдырып, тікелей ұсыныстар алатын алаң.

Рината Илюбаева - Kompra контрагенттерін тексеру сервисінің СЕО, Kompra Filter жобасының жетекшісі

-Стартаппен айналысу ойы қалай келді?

-Мен Kompra-ға жобаның негізін қалаушы, досым Асхат Серғазиннің шақыруымен сату менеджері қызметіне келдім. Бұл жауапты және тез бейімделетін қызметкерлерді жалдауды қажет ететін жас жоба болды. Өнімді сату қиын болды, себебі сол кезде оның нарықта теңдесі жоқ еді. Ол туралы ешкім білмеді. Мен үшін бұл қызықты челлендж болды және біз оны жақсы орындадық деп есептеймін.

-Бұл салада қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

-Стартаптағы сату бөлімінің басты қиындығы - сіздің өнімді ешкімнің білмеуі. Сіз мүлдем жаңа өнім жасайсыз, ал бірінші кезектегі міндет - сатуды бастамас бұрын қажеттілікті анықтау.

Бұл - күрделі, бірақ қызықты міндет, қажеттілікті анықтаған кезде, гипотезаны растап, қызмет көрсету қажеттілігін түсіну керек. Көптеген стартаптар алты айдан кейін жоққа шығады, осының себебі – клиент таба алмау және өнімнің пайдасын растай алмау. Егер сіз кем дегенде бір ізбасарды тапсаңыз, оның артынан екіншісі келіп, қалғандарына таралады. Бұл стартапта болатын ең жақсы мүмкіндік.

-Стартаптың табысты болуының әмбебап тәсілі бар ма?

-Менің ойымша, әмбебап тәсіл бар деп ойламаймын, бірақ идеяңыз қаншалықты қолжетімсіз болып көрінсе де, ең бастысы -еңбекқорлық. Егер сіз сегіз сағаттық жұмыс күні мен идеяның арасында таңдау жаса алмай, оған тек кешкі немесе демалыс күндерін беріп, отбасыңыздан сағат алып, ерте ме, кеш пе, өз идеяңызды жек көре бастайсыз. Сондықтан егер сіз стартаптың сәтті болуын қаласаңыз, уақытты ұйымдастырып, оған күннің бірінші жартысындағы еңбекке ең қабілетті уақытты бөлу керек. Өнімге ғана назар аударсаң, оның табысты не табысқа жетпейтінін тез түсінесің. Тіпті жаман нәтиже де жақсы, өйткені қателіктерді алдын ала түсініп, уақыт пен ақша аз жұмсалады.

-Қазақстанда әйелдер стартапының даму перспективаларын қалай бағалайсыз?

-Қазақстанның барлық стартабының даму перспективасы бірдей сияқты. Стартаптың жетекшісі әйел ме ер адам ба, меніңше, айырмашылық жоқ сияқты. Ескі таптаурынға қарамастан, IT саласында әйелдерге қатысты шектеу жоқ. Идея, пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, даму сапасы, әзірлеу және өнімді жеткізу бәрін шешеді. Әйелдердің мұны сәтті орындағанына қатысты мысал көп.

Қазақстанда қазір мемлекет тарапынан да, бизнес тарапынан да, қарапайым пайдаланушы тарапынан да, өмірдің барлық салаларында инновациялық өнімдерге сұраныс жоғары. Егер адам қажеттілікті тауып, идеяға ілессе, оны жүзеге асыра және насихаттай алса стартап сәтті болмақ. Жасалған өнім ChocoLife, Aviata сияқты керемет стартаптар деңгейіне дейін өсуі немесе тіпті халықаралық нарыққа шығуы мүмкін.

-Болашақ жоспарларыңыз туралы айтып беріңізші?

-Әрине, халықаралық деңгейге шығу. Үш жыл ішінде Kompra белгілі бір деңгейге жетті, экономикалық қауіпсіздік саласында өз орнын алды. Біз кең және қарқынды дамуға ден қойдық.

Қарқынды жаңа деректерді игеру және өнімді дамыту арқылы күшейтеміз. Бизнес тарапынан сұраныс комплаенс-бақылаушылардан, қауіпсіздік қызметтерінен үлкен. Бұл тақырып қазір заңнамалық деңгейде қарқынды дамып келеді, сондықтан біздің өнімдеріміз көбірек сұранысқа ие болады. Біз мемлекеттік дерекқорлармен интеграция мүмкіндіктерін іздейміз, мамандарға пайдалы болатын жаңа модульдер мен функцияларды әзірлейміз.

Біз экстенсивті түрде бірінші кезекте ТМД елдерінде кеңейгіміз келеді. Қазір біз Беларусь пен Ресей нарықтарына шығып, сервиске Украина мен Қырғызстан бойынша деректерді қостық. Біз осымен шектелмейміз. Бізде Еуропада орналасқан, бірақ Қазақстан нарығына инвестиция салуға мүдделі клиенттер бар, сондықтан Kompra-ны пайдаланады.

-Карантин бизнеске қалай әсер етті?

-Алғашқы екі-үш аптада біз онлайн форматқа қайта құрдық. Біріншіден, біз барлық қызметкерлерді қашықтан оқытуға ауыстырдық. Команда ішіндегі коммуникацияларды қайта құрды, бейне байланыс үшін, тапсырмалар үшін, Scrum және Agile үшін ең тиімдісін анықтай отырып, көптеген түрлі құралдарды қолдана бастады.

Екінші кезекте, біз өз клиенттерімізбен өзара іс-қимылды онлайн форматқа көшірдік.
Егер бұрын сату офлайн кездесулер мен презентациялар арқылы жүзеге асырылса, қазір біз бұған қол жеткізе алмаймыз. Клиенттермен қарым-қатынас күшейе түсті, өйткені ол мессенджерлерге, жеке хабарламаларға кетті. Қазір біз сервисті ілгерілету үшін әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланамыз. Менің ойымша, клиенттермен байланыс зардап шеккен жоқ.
Бұрын біз білім беру іс-шараларын өткізген маркетинг, қазір форумдар мен вебинарлар арқылы онлайн режимге көшті. Бұл жұмысты тереңірек талдауға және ақпарат беруді жақсартуға көмектеседі.

Иә, алдымен біз нарықтан не күтетінімізді білмедік. Қазір біз пандемия кезеңінде бизнесті экономикалық тұрғыдан қорғау және барлық процестерді тұрақтандыру қажеттілігі артып келе жатқанын көріп отырмыз. "Мен қайда үнемдей аламын? Мұндай күйзелістер, пандемия, карантин жағдайында зардап шекпеу үшін бизнестегі процестерді қалай құруға болады?" деген сұрақ қояды. Сіздің қаржы мен мүдделеріңізді қорғау ең бастысы. Kompra дәл осы мақсаттарға жетуге көмектеседі.






Өзгелердің жаңалығы