Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-де өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
«Digital Bridge-2023» пилоттық жобасы аясында Starlink спутниктік интернетіне шалғай аудандардың 8 мектебі (Балқаш - 3, Кеген – 5) тегін қосылды. Нәтижесінде интернет жылдамдығы 8 МБит/секудтан 200-ге дейін артты. «Қолжетімді интернет» бағдарламасының аясында осы технологиямен тағы да 65 мектептегі интернеттің жылдамдығы арттырылады. Облыста қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 9100 бейнебақылау және 335 жол қауіпсіздігі камераларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Марат Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ Алматы облысының басшысы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2024-25 жылдары 54,6 мың орындық 53 мектеп салынатынын айтты. Сөзінше, нәтижесінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі.