Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы «Шымкент –Арыс –Темір» жол учаскесінде пойыздардың кестеден тыс кешігуі туралы хабарлайды.
«ҚТЖ» АҚ-на қарасты барлық мекемелер осы жол торабында қатынайтын барша жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын ала шараларын өткізуде. Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат сәйкесінше вокзал кешендерінде берілуде. Сондай- ақ барша ақпаратты 105 бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар.
Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларынан түсінушілікпен қарауын өтінеді, - делінген хабарламада.