Стамбулдың бұрынғы мэріне қатысты сот қашан өтеді

13 Сәуір 2025, 03:48
716
Бөлісу:
Стамбулдың бұрынғы мэріне қатысты сот қашан өтеді
Фото: Reuters

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қатысты сот процесі осы жылдың жазына қалдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ dw.com сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, екі іс те кейінге қалдырылды – бас прокурор Акин Гүрлекке қатысты "қорқыту" ісі және оның Бейликдүзідегі жұмыс кезеңіне қатысты "тендерлік айла-шарғы" ісі.

Бірінші іс 16 маусымда, екіншісі 11 шілдеде қаралады.

Еске салайық, Ыстамбұл мэрі мен оның серіктері 19 наурызда ұсталған болатын, олар 4 тәулік бойы полицияда болады деп жоспарланған болатын. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, пара алды деген айыппен қамауға алынды.

Әкім мен оның серіктестері қамауға алынғаннан кейін ықтимал жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу үшін Ыстамбұлда да наразылық шерулеріне 4 күнге тыйым салынды. Қалада жолдардағы көлік қозғалысы мен кейбір метро желілерінің жұмысы шектелді. Кейін Түркияның түкпір-түкпірінде жаппай наразылықтар басталды. Наразылық шаралары жалғасады деп күтілуде.

Бұған дейін Түркияның бас прокуратурасы Ыстамбұл университетіне Имамоглудың бизнесті басқару мамандығы бойынша дипломының шынайылығы мен заңды күшін тексеру үшін сауал жолдаған болатын. Имамоглу Солтүстік Кипрдегі университеттен Ыстамбұлға ауысуы мүмкін заңсыздықтар туралы күдік тудырды, себебі аралдағы оқу орнын ол кезде Түркия ресми түрде мойындамады. Имамоглының өзі бұл мәселеге қатысты куәлік берді. 17 наурызда Ыстамбұл университеті Имамоглудың президенттік сайлауға қатысуын қиындатқан дипломының күшін жою туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы