Стамбұл мен Дубайдан келген жолаушылардан COVID-19 анықталды

31 Қаңтар 2021, 10:48
1652
Бөлісу:
Стамбұл мен Дубайдан келген жолаушылардан COVID-19 анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 30 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 059 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 612 адам, анықтамасыз 447 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 325 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 276;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 452 жолаушы, анықтамамен - 396; анықтамасыз - 56;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 171 жолаушы, анықтамамен - 110; анықтамасыз - 61;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы, анықтамамен - 57; анықтамасыз - 54.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 29 қаңтарында анықтамасыз келген 236 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Стамбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен келген.
Өзгелердің жаңалығы