СҚО прокурорлары орман заңнамаларының бұзылғандығын анықтады

15 Ақпан 2024, 13:30
524
Бөлісу:
СҚО прокурорлары орман заңнамаларының бұзылғандығын анықтады
Фото: Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

СҚО прокурорлары  талдау шеңберінде Орман кодексінің талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, оны орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді елемеуінен 534 га аумақтағы ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын дұрыс жүргізілмеген және ағаш жіберуді уақытында орындамағандықтарынан көруге болады.

Орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары осы шарттық міндеттемелердің орындалуына тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін шаралар қабылдамаған.

Тағы бір жағдай облыстың орман шаруашылықтары (Аққайың, Булаев, Есіл, Пресновка, Жамбыл, Орлиногорск, Мамлют) Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына қайшы, жеке тұлғаларға ағаш сатуға орман билеттерін заңда белгіленген нормадан жоғары көлемде берген.

Қадағалау органының актісі бойынша орман шаруашылықтарының 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн теңге көлемінде ормандарды  қалпына келтіру төлемі өндірілді. 

Сондай-ақ әзірленген кешенді жоспар аясында жіберілген бұзушылықтарды жою шаралары қабылдануда.

Орман заңнамаларын сақтау мәселесі үнемі бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы