СҚО полицейлері алимент төлемегендерді іздестіріп жатыр

29 Маусым 2022, 22:35
1235
Бөлісу:
СҚО полицейлері алимент төлемегендерді іздестіріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері алимент төлемегендерді іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Петропавлдың 47 жастағы тұрғыны 2020 жылдан бастап баласын күтіп-баққан мекемеге қаражат аудармаған. Жеке басының жағдайын жасау үшін астанаға кеткен. Қарызы шамамен 2,5 миллион теңге сомасында. Қазіргі уақытта қарызды өндіріп алу үшін полицейлер материалдарды жеке сот орындаушыларына беруге дайындық үстінде. 

Борышкерлерді, алимент төлемеушілерді және туыстық байланысын жоғалтқан адамдарды іздестіру бойынша акция барысында әйелдің жүрген жері анықталды. 

Акция басталған уақытта СҚО ПД Көші-қон қызметі қызметкерлерінің тізімінде 98 адам болған. Олардың жартысы – балаларын күтіп-бағу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналар.

Акция барысында қызметкерлер іздеудегі адамдардың туыстары мен таныстарының мекенжайларын тексереді. Басқа да іздеу әдістері де қолданылады. Бұрын олар әкімшілік жауапкершілікке тартылғандықтан, төлем жасаудан жалтарған адамдардың мекен-жайларын анықтау соның арқасында мүмкін болды. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде екі күндік іс-шараның қорытындысы бойынша іздеудегі 16 адам, оның ішінде 5 борышкер, алимент төлемеген 10 және туыстық байланысын жоғалтқан бір адам анықталды, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығы Талғат Әбілов. Акция маусымның 27-нен 29-на дейін өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы