СҚО-дағы дүкендердің бірінен 300 литр алкоголь тәркіленді

1 Желтоқсан 2022, 18:10
896
Бөлісу:
СҚО-дағы дүкендердің бірінен 300 литр алкоголь тәркіленді

СҚО-дағы дүкендердің бірінен 300 литр алкоголь тәркіленді,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

СҚО Айыртау ауданында полицейлер 300 литр заңсыз алкоголь тәркіледі. Тәртіп сақшылары аудан орталығы Саумалкөл ауылындағы дүкендердің бірінде құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Тексеріс кезінде дүкен иесінде тиісті лицензияның болмағаны анықталып, 581 шөлмек алынды. 

Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша материал жиналды. 

 Алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтар масаң күйде отбасылық жанжалдың туындауына, бұзақылықтардың және басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етеді. Елді мекендерде лицензияланбаған алкогольдік өнімдерді қолдан сату жиі кездеседі. Мұндай сусындар сатып алушылардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіпті, көбіне іңірде масаң күйде келетін адамдар жасырын сататын үйдің көршілеріне ыңғайсыздық тудырып жатады. Учаскелік полиция инспекторлары мұндай фактілерге жол бермеу үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр, халықтан келіп түсетін сигналдарды тексереді, – дейді Айыртау ауданының ПБ бастығының бірінші орынбасары Тұрлыбек Жамалиденов. 

Облыс бойынша жыл басынан лицензиясыз құрамында алкоголь бар өнімдерді сатудың 237 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан сегіз мың литрге жуық алкоголь алынды.

 

Өзгелердің жаңалығы