СҚО-да жөндеуден өткен 27 шақырым жол пайдалануға берілді

Солтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 27 шақырым болатын А-16 "Жезқазған-Петропавл" күре жолының жөндеуден өткен учаскесі пайдалануға тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазавтожол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 Қыркүйек 2023 2023, 10:35
АВТОР
 QAJ 12 Қыркүйек 2023 2023, 10:35
12 Қыркүйек 2023 2023, 10:35
1217
Фото: QAJ

Солтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 27 шақырым болатын А-16 "Жезқазған-Петропавл" күре жолының жөндеуден өткен учаскесі пайдалануға тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазавтожол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар жол жамылғысын қайта өңдеу әдісімен жаңартып, жол жиегін нығайтты. 

Жол таңба сызығы жаңартылды. Жолдың жөнделген бөлігі Солтүстік Қазақстан облысының Есіл және Шал ақын аудандары арқылы өтеді. Қазір қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 3,5 мың автокөлікті құрап отыр. Құрамына техникалық қадағалау, ұлттық сапа және жол активтері орталығының, мердігер және күтіп-ұстау ұйымдарының өкілдері кіретін қабылдау комиссиясы жолды бағамдады. Қабылдау барысында жөндеу жұмыстары бойынша ескертулер болған жоқ, - делінген хабарламада.

Наверх