СҚО-да "Жезқазған-Петропавл" автожолын қалыпқа келтіруде

21 Сәуір 2024, 19:01
549
Бөлісу:
СҚО-да "Жезқазған-Петропавл" автожолын қалыпқа келтіруде
VIDEO
Фото: видеодан кадр

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мамандары республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының 872 шақырымындағы жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда жол қабатының негізін тұрақты ұстап тұру үшін үлкен габаритті тастар төгіліп, кейін оны төсеу жұмыстары жүргізіледі. 6732 тонна қиыршақ тасты қорға жинақтап, тас карьерін құру жұмыстары басталды.

Аталмыш жұмыстарға 56 бірлік техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 9 сәуірде қардың тез еруі және Есіл өзенінің тасуы салдарынан осы жол учаскесінде тасқын орын алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы