Айыртау ауданы, Антоновка ауылында «Борисфен» серіктестігінің жаңа сүт фермасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. "Солтүстік" ӘКК жеңілдетілген несие ұсынды. Кешен тәулігіне 5 мың литр сүт өндіреді. Жаңа жұмыс орындары ашылды, — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Биыл облыста 13 сүт фермасының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін 8 кешен іске қосылады. Жалпы, биыл облыста аграрлық салада 38 инвестжоба жүзеге асады, оның ішінде майды экстракциялау зауыты, сүт фермалары, бройлерлік құс фабрикасы, қой фермалары мен жылыжайлар бар. Бір мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Айыртау және Ғ. Мүсірепов аудандарында өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарға барып, ауыл тұрғындары және шаруалармен кездестім. Сондай-ақ көктемгі тасқынмен күреске бағытталған шараларды бақыладым, — деп жазды өңір басшысы.