Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СҚО-да үшінші күн тасқынмен күрес: бөгетті нығайту жалғасуда

28 Сәуір 2025, 13:20
756
Бөлісу:
PHOTO

СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қызылжар ауданының Тепличное ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары үшінші күн бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Жұмыстар тәулік бойы атқарылып жатыр. Бұл іске 1600 адам мен жүзден аса техника жұмылдырылған. Аймақтағы жағдай облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеке бақылауында.

СҚО-да үшінші күн тасқынмен күрес: бөгетті нығайту жалғасуда

Нысанда әскерилер, құтқарушылар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер аянбай еңбек етуде. Сонымен қатар, көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астанадан құтқарушылар келген.

СҚО-да үшінші күн тасқынмен күрес: бөгетті нығайту жалғасуда

Тепличное ауылында 700 адам тұрады. Уақытылы эвакуация жүргізілді, Бескөл мен Петропавлда эвакуациялық бекеттер ашылды.

СҚО-да үшінші күн тасқынмен күрес: бөгетті нығайту жалғасуда

Өңірдегі су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақылауда. Су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері күтілуде.

СҚО-да үшінші күн тасқынмен күрес: бөгетті нығайту жалғасуда
Өзгелердің жаңалығы