Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СҚО-да үш көліктің соқтығысуынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды

2 Қыркүйек 2025, 04:27
363
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Челябі–Новосібір» автожолында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 1 қыркүйек күні сағат 13:25 шамасында Қызылжар ауданы аумағында, жолдың 505-шақырымында болған. Chevrolet, Mazda және Lexus маркалы үш автокөлік соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, тағы бесеуі түрлі дене жарақаттарын алды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға, жылдамдықты асырмауға және қауіпті маневр жасамауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы