Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СҚО-да тексерістен кейін 25 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Кеше, 16:21
252
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Биыл күзде Жоғары аудиторлық палата Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 5 жылда мемлекеттік қызметтерге бөлінген қаражаттың тиімділігін талдап, 28 млрд теңге көлемінде бұзушылықтардың бар екенін анықтады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөзінше оның 25 млрд теңгесі қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата барлық бұзушылық рәсімдік сипатта болғанын анықтады. Ең бастысы, мемлекет қаражатын ұрлау фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану жағдайлары да тіркелген жоқ,-деді әкім.

Нұрмұхамбетов сөзінше, қазіргі таңда нақты тапсырмалар берілген. Бөлінген барлық қаражаттың толық қалпына келтірілуі қатаң бақыланатын болады.

Аталмыш факт бойынша, 5 лауазымды тұлға әкімшілік, ал 12 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша жоспар әзірленіп, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау да көзделіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы