СҚО ТЖД құтқарушылары өткен тәулікте Қызылжар ауданы Тепличный кенті, Петропавл қаласының Подгора шағын аудандары мен Кожевенный кентінде 131 мың 810 текше метр су сору жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Су басқан үйлер жоқ, аула аумақтардан және рельефі төмен жерлерден су айдалуда. ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бұрын су басқан 126 үйге дезинфекция жүргізілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар Петропавл қаласының Заречный кентіне 194 адамды тасымалдады.