Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СҚО-да су тасқынына байланысты эвакуация орындары дайын

27 Сәуір 2025, 19:17
527
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді түрде жалғасып жатыр. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірдің төрт ауылында жағдай әлі де күрделі болып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарындағы Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында Қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Барлығы 1087 адам, 126 бірлік ТЖМ техникасы, ПД, ЖАО және ТЖМ Әскерибөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 4 000 дана, барлығы 110 980 дана қапшық дайындалып, төселді.

Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 1500, барлығы 79 200 текше метр су сорылды.

Сонымен қатар, Қызылжар ауданы Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы