Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, қазіргі уақытта Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендерінде және облыс орталығы аудандарының бір бөлігінде су тасқыны болды. Петропавл қаласы бойынша 1626 үй, Қызылжар ауданында 1212 үй су астында қалды.
Күш пен қаражат жеткілікті. Оның үстіне, бүгін қалқымалы понтондары бар инженерлік әскер көмекке келді, - деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ Сергеев су қоймасында аққан судың ең жоғары көрсеткіші 425 см болды. Бірінші толқын өткеннен кейін ол 250 см-ге дейін төмендеді. Қазіргі уақытта екінші толқынның келуіне байланысты су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қазір 265 см-ді құрайды.