СҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей қаза тапты

"Чистополье–Шөптікөл" тас жолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 СҚО ПД 6 Қыркүйек 2025 2025, 15:47
6 Қыркүйек 2025 2025, 15:47
1261
Фото: СҚО ПД

"Чистополье–Шөптікөл" тас жолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облыстық ПД мәліметінше, Chevrolet Cobalt пен Toyota Camry көліктері соқтығысып, екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды.

Қаза болғандар – учаскелік инспекторлар. Олар қызметтік міндетін атқарып жүрген.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, апаттың себептерін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмдардың отбасына көңіл айтып, туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Наверх