Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кластерді дамыту жөніндегі Қазақстан-Қытай жобасы іске асырылуда. Оның бастамашысы-қытайлық Xian aiju корпорациясы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2016 жылдан бастап осы жоба аясында қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын «Тайынша-Май» ЖШС майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты табысты жұмыс істейді. Зауытта 70-тен астам адам жұмыс істейді.
Кластерді дамыту шеңберінде қуаттылығы тәулігіне 300 тонна ұн диірменінің, қуаттылығы тәулігіне 1000 тонна өнім құрама жем зауытының және сақтау көлемі 50 мың тонна астық қоймасының құрылысы жүргізілуде.
Бұл жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 6,8 млрд теңгені құрады, 90 жаңа жұмыс орны құрылады.
Бұл жобаны іске асыру Солтүстік Қазақстан өңірінің экономикалық өсуіне және экспорттық әлеуетін дамытуға ғана емес, сонымен қатар елдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік береді.