СҚО-да қару ұстауды білмеген бала өзінің аяғын атып алды

11 Қыркүйек 2023, 11:36
786
Бөлісу:
СҚО-да қару ұстауды білмеген бала өзінің аяғын атып алды
Фото: Арман Мухатов - архив

Солтүстік Қазақстан облысында әкесімен аңға шыққан қаруды ұстауды білмеген бала өзінің аяғын атып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді.

Айта кететін жайт, 2 қыркүйектен бастап республика аумағында күзгі аңшылық кезеңі басталды.

Бүгінгі күні аң аулау кезінде бұндай фактілер орын алып отыр.

Мысалы, СҚО әкесі баласымен аңға шыққанда, баласына қаруды берген, баласы қаруды ұстау ыңғайын білмей өзінің аяғын атып алған.

Уәкілетті қорықшы қызметі аң аулау кезеңінде бақылауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдауда, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сондай-ақ ведомство өкілі осыған байланысты аңшыларды аң аулау қағидаларын және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы