СҚО-да полицейлер демалыс күндері 10 мас жүргізушіні анықтады

Бүгiн, 19:31
116
Бөлісу:
СҚО-да полицейлер демалыс күндері 10 мас жүргізушіні анықтады
Фото: polisia.kz

Демалыс күндері спирттік ішімдіктер ішіп, кешке жақын немесе түн ортасында көлік тізгініне отыруды әдетке айналдырған жүргізушілер бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәл осы уақытта полицейлер де жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтеді. Өткен демалыс күндері Петропавл қаласында және облыс аудандарында 10 мас жүргізуші анықталды. 

Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Жүргізуші медициналық куәландырудан бас тартқан жағдайда 15 тәулікке қамаққа алынып, ұзағырақ мерзім – 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы көзделген. 

Дәл осы жаза 29 жастағы жүргізушіне қолданылмақ. Ол ВАЗ-21070 автокөлігін жүргізіп келе жатқан жерінде облыс орталығындағы орталық көшелердің қиылысында тоқтатылды. Оны тексерген кезде ащы судың иісі шығып тұрған, бірақ ол медициналық куәландырудан бас тартқан. 

10 айдың ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір адам қаза тапты, 24 адам жарақаттар алды. Көлікті мас күйде жүргізу – жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзұ. Мұндай фактілердің жолын кесу бойынша жұмыстар ұдайы жүргізіліп тұрады, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Өзгелердің жаңалығы