Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілер келгенде үйді толық жанып кеткен, соның салдарынан шатыр мен төбе жабындысы опырылып түскен.
Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан екі ересек адам мен үш баланың денесі табылды. олардың кім екені анықталуда. Құтқарушылар өртті дереу оқшаулап, ТЖД мен өрт сөндіру бекетінің күшімен жалын 104 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қаза тапқандардың туыстарына ТЖД психологтары шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Оқиға орнында СҚО ТЖД басшысы Ж.С. Аскаров, тергеушілер мен ТЖД өрт сынау зертханасы жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Тұрғын үй секторын аралау және өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері 2024 жылғы 5 қазанда жүргізген болатын.
Айта кетейік, Бұған дейін СҚО-да 5 баласымен жалғызбасты әке тұрған үй өртеніп кеткені туралы ақпарат тараған еді.