Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Қанат Дүзелбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, төтенше жағдаймен күреске қосымша күштер мен құралдар тартылған.
Төтенше жағдайлар минстрлігі Түркістан, Қарағанды және Павлодар облыстарынан 177 адам, 27 бірлік техника, 10 бірлік жүзу құрылғысы және 48 бірлік мотопомпа жіберді. Қорғаныс министрлігінен 313 әскери қызметші келді. Қолда бар ауыр техникалар аудандарға жөнелтілді. Сонымен қатар, ұйымдарға бекітілген техникалар да жұмылдырылуда, - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.
Сонымен қатар ол жолдардың жағдайына тоқталды.
Жолдардың бойында 59 су тасу тіркелсе, оның 19-ы әлі де қауіпті жағдай есебінде. Жол төсемінің 7 учаскесінде қазу жұмыстары жүргізілді (аудандық және республикалық маңызы бар жолдарда). Суды сору жұмыстары жүргізілуде (464 мың текше метр). 181 шақырым арық тазартылып, 105,7 шақырым канал кеңейтіліп, тереңдетілді, 80 мың дана құмқап дайындалып, оның 41 мың данасы төселді. 1423 адам, 270 бірлік техника, 154 мотопомпа және 15 жүзу құрылғысы іске қосылды. Тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері қалыпты жұмыс істеуде, - деді Қанат Дүзелбаев.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы елді мекендердің айналасындағы қорғаныс бөгеттері күшейтіліп жатыр.