СҚО-да диқандар 1 млн тонна астықты қамбаға құйды

Кеше, 19:30
217
Бөлісу:
СҚО-да диқандар 1 млн тонна астықты қамбаға құйды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қайта қарқын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бірнеше күнге жалғасқан жауын басылып, диқандардың егіс басындағы жұмысы ширай түсті. Әзірге егіннің бестен бір бөлігі орылды. Қамбаға 1 млн тоннадан астам астық құйылды. Жалпы биыл өңір диқандары 4,4 млн гектар аумаққа дәнді дақыл мен көкөніс еккен. Оның 3 млн гектардан астамына бидай себілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, астықтың шығымы тәуір, әр гектардан 17 центнерден өнім алынып жатыр. 

Элеваторларға түсіп жатқан бидайды кептіру жалғасуда. Оған мемлекет төмен бағамен 20 мың тоннадай дизельдік жанармай берді. Оған қоса біздің элеваторлар мен хпп-лар бар. Соған да сұйытылған газ беріліп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттен төмен бағамен мың тонна берілді, - деді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Өзгелердің жаңалығы