СҚО-да бұрын жасалған 6 мал ұрлығы ашылды

1 Желтоқсан 2022, 05:51
1072
Бөлісу:
СҚО-да бұрын жасалған 6 мал ұрлығы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында екі күнде бұрын жасалған 6 мал ұрлығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28-і мен 30-ыншы қараша аралығында өңірде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Тәртіп сақшылары ветеринария қызметімен бірге мал тасымалдайтын автокөліктерге және ет сататын орындарға күшейтілген тексеріс жүргізді. Еттің қажетті құжаттарының болмауы – мал ұрлығына қатысын анықтауға негіз болады. Сондай-ақ, мал ұрысы, ұрланған малды сатып алушы, қасапшы ретінде есепте тұрғандар тексерілді. Нәтижесінде ветеринария саласында ҚР заңнамасын бұзудың 21 дерегі, малды қараусыз жіберудің 69 фактісі анықталды.

Малды бос қоя беру – мал ұрлығын жасауға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шараның 2 күнінде бұрын жасалған 6 мал ұрлығы ашылды, оның 5-уі – «өткен жылғы» санатындағы қылмыстар. Тұрғындардың түлігі еркін жайылып жүрген жерінен жоғалған, - дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шараның 2 күнінде 113 шаруа қожалығы, мал жайылымдары мен фермалар тексерілді. Акция барысында Қызылжар және Жамбыл аудандарында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау фактілері де анықталды – жергілікті тұрғындардан заңсыз сақталған «ИЖ» және «ТОЗ» мылтықтары алынды

Өзгелердің жаңалығы