СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды

23 Қыркүйек 2024, 13:29
308
Бөлісу:
СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды
Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Облыста су тасқыны кезінде зардап шеккен гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оның барысын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол картасы қабылданып, қаржы бөлінді, мердігерлер анықталды. Жұмыс Былғары және Заречный кентіндегі, Ойқаладағы Ущев көшесінің бойындағы және 0,8 шақырымдағы, Қызылжар ауданындағы Прибрежное, Бескөл және Тепличное ауылдарындағы бөгеттерді қамтиды.

СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды

Сондай-ақ биотоғанның айналасындағы бөгет жөнделіп, Жеңіс саябағында ашық нөсерлік кәріз жүйесі орнатылып, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілмек.

СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды

Бөгеттерді нығайту және кеңейту жұмыстары мамандардың есептеулері бойынша, Есіл өзеніндегі судың максималды деңгейін ескере отырып, қатаң түрде жүргізілуде. Биылғы қатты су тасқынының барлық ерекшеліктері ескерілген. Бүкіл жұмыстарды екі айда аяқтау жоспарлануда, қорғаныс құрылымдарын қалпына келтіру жеке бақылауымда болады, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

СҚО-да бөгеттерді нығайту жұмыстары басталды
Өзгелердің жаңалығы