СҚО-да бес баласымен жалғызбасты әке тұрған үй өртеніп кетті

Бүгiн, 12:55
839
Бөлісу:
СҚО-да бес баласымен жалғызбасты әке тұрған үй өртеніп кетті
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні таңертең Шал ақын ауданы, Ступинка ауылында болған. Дереккөздерге сүйенсек, мұнда бес баласы бар жалғызбасты әке тұрған.

Жұбайы бірнеше жыл бұрын қайтыс болды. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-сыныпта оқиды, - деп хабарлады ауылдық округ әкімі.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы