Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Астраханка ауылында ауыр жағдай тіркелді — 41 жастағы жергілікті тұрғын қатты күйік алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 30 сәуірге қараған түні болған. Күйігі денесінің көп бөлігін қамтыған әйел аудандық ауруханаға жеткізілген, қазір оны Петропавл қаласындағы медициналық мекемеге ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Полиция мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталған.
Өңірлік полиция департаменті бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиғаға отбасындағы жанжал себеп болуы мүмкін, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.