"СҚ-Фармацияға" гуманитарлық жүкті алу кезінде ақпараттандыру моделі енгізілуде

16 Шілде 2020, 15:20
1345
Бөлісу:
"СҚ-Фармацияға" гуманитарлық жүкті алу кезінде ақпараттандыру моделі енгізілуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "СҚ-Фармация" қайырымдылық көмек бойынша бірыңғай оператор мәртебесін алғаннан кейін компанияның жаңа командасы алдын ала ақпараттандыру моделін әзірледі.

Оған сәйкес елге бағытталатын гуманитарлық жүк бойынша барлық құжат жөнелтуші - елден ұшақтың ұшуына дейін жолданатын болады.

Алдын ала ақпараттандырудың жаңа моделі нақты уақыт режимінде, жүктің ұшуы кезінде барлық қажетті рұқсат құжатын, рұқсат қағазын алуға және келген көмекті жеткізілгеннен кейін бірден жөнелтуді бастауға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2020-07-16 at 15.13.32.jpeg

Мұндай тиімді өзара әрекеттесу гуманитарлық көмек алуға және жөнелтуге тартылған барлық құрылымның - Сыртқы істер министрлігінің, кеден қызметінің, авиакөлік компанияларының, әуежайлар мен әкімдіктердің толық қолдауымен ғана мүмкін болады. Осы ведомстволардың барлығы гуманитарлық жүкті жедел түрде алу мүмкіндігі үшін процестерді барынша оңтайландыруға жәрдемдесуге дайын, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ведомстволарда коронавирустық инфекциямен күреске тартылған соңғы тұтынушы – ауруханалардағы медицина қызметкерлері үшін қажет жеке қорғану құралдарын, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды жедел түрде алуды қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек мәселелеріне жетекшілік ететін жауапты тұлғалардың тізімі қалыптастырылуда.

Осы схеманың арқасында 14 шілдеде түнде Нұр-Сұлтан әуежайына Түркиядан келген гуманитарлық жүк сол күні Бірыңғай дистрибьютор қоймасына түсті.

Өзгелердің жаңалығы