«Спутник V» вакцинасын қандай аурулар кезінде егуге болмайды?

19 Маусым 2021, 20:47
3505
Бөлісу:
«Спутник V» вакцинасын қандай аурулар кезінде егуге болмайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ҒЗО директоры Александр Гинцбург «Спутник V» вакцинасын егуге болмайтын ауру түрлерін атады.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Есекжемге, конъюктивитке, сонымен қатар басқа да аурулардың жіті ағымы кезінде науқастарға жағдайы жақсарғанша, «Спутник V» екпесін салуға болмайды.

Маманның сөзінше, бұндай жағдайларда вакцинацияны екі аптаға шегере тұрған дұрыс.

Гинцбург бронх демікпесі, С гепатиті, жүрек-қантамыр аурулары, сондай-ақ ремиссия жағдайындағы онкологиялық аурулар коронавирустық вакцина салдыруға қарсы көрсетілім болып саналмайтынын атап өтті.

Патологиясы бар кардио науқастарды ең бірінші кезекте вакцинациялау керек. Себебі егер олар вирус жұқтырса, олар диабетке шалдыққандармен қоса қауіп-қатердің бірінші тобына түседі, - деп түсіндірген директор мұндай диагноздармен тез арада екпе салдыру қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы