«Спутник V» вакцинасы әлемдік препараттар арасында ең жақсы нәтиже көрсетті

26 Қараша 2021, 22:22
1193
Бөлісу:
«Спутник V» вакцинасы әлемдік препараттар арасында ең жақсы нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы әлемдік препараттар арасында ең жақсы нәтиже көрсетті. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев Венгрияда жүргізілген "Спутник V" препаратының тиімділігі туралы жаңа зерттеу нәтижелерімен бөлісті. 
«Спутник V» коронавирустан болатын өлім-жітімге қарсы 98% және инфекция жұқтыруға қарсы 85,7% тиімділікті көрсетіп, әлемдегі Moderna, Pfizer-BioNTech, Sinopharm және AstraZeneca сияқты жетекші вакциналар арасында жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр, - деді Кирилл Дмитриев.

Украинада коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік өсім көрсеткіші төмендеп келеді. Өткен күні COVID-19 жұқтырудың 15 936 расталған жағдайы анықталды. 25 қарашада елде инфекцияның 16 943 жаңа фактісі тіркелген еді. Науқастар арасында 18 жасқа дейінгі балалар саны - 1 394.

Денсаулық сақтау министрлігі пандемия басталғаннан бері SARS-CoV-2 жұқтырғандардың жалпы саны 3 400 340-қа жетіп, 84 149 адам қайтыс болғандығын хабарлады. Сарапшылар елдегі вакцинацияның төмен қарқынын атап өтті, 41 миллионнан астам тұрғынның тек 10 610 359 немесе 25,7%-ы толығымен егілді

Өзгелердің жаңалығы