«Спутник V»: Ұлттық экономика экс-министрі вакцина алды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Спутник V» вакцинасын салдырды.</h4> <h4><br> </h4>

 12 Ақпан 2021 2021, 15:08
12 Ақпан 2021 2021, 15:08
1744

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Спутник V» вакцинасын салдырды.

Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бірер минут бұрын «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Бәрі жақсы, - деп жазды ол.
Сонымен қатар Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалып, басқарма мүшелері құрамына кірді.

Еске салсақ, елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Вакцинаны ең алғашқылардың бірі болып ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов алды.
Наверх