Spotlight – әйелдердің зорлықсыз өмір сүру құқығын қамтамасыз етеді

8 Желтоқсан 2020, 17:09
2074
Бөлісу:
Spotlight – әйелдердің зорлықсыз өмір сүру құқығын қамтамасыз етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік жаһандық науқан шеңберінде Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Spotlight («Басты назарда») бастамасы ресми түрде іске қосылған болатын.

Шара барысында Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори Spotlight бастамасы азаматтардың зорлық-зомбылықпен күресте маңызды рөл атқаратынын айтты.

Spotlight бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін жекелеген адамдардың, отбасылардың, қауымдастықтардың денсаулығы мен тұтастығына қатер төндіретін зорлық-зомбылықпен күресте елдерді қолдау және осы өңірдегі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жаһандық күш-жігер үшін маңызды тұғырнаманы қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетті ол.

Іс-шарада қатысушылар әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін шешумен байланысты өз жұмыстары мен осы төңіректегі мәселелерді талқылады. БҰҰ, ЕО, үкіметтер, басшылар, әйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдарды қамтитын барлық мүдделі тарап қатысуы керек және зорлық-зомбылықтың кез келген түрімен күресу үшін мінез-құлық пен ойлауды өзгерту керек деген ұжымдық келісім жасалды.

Айта кету керек, Spotlight бастамасы үкімет, қызмет көрсетушілер, азаматтық қоғам және басқа да негізгі тараптар арқылы әрекет ететін әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешуге көп салалы, үйлестірілген және тұтас көзқарасты қолдануға мүмкіндік береді. Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл тұғырнамасының 25 жылдығында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығын мерекелеудің айтулы жылында бастау алған Spotlight бағдарламасы әйелдердің зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы