Спорттық құзға өрмелеу: Олимпиадаға іріктеу турнирінде үш спортшы сынға түсті

Венгрияның Будапешт қаласында спорттық құзға өрмелеуден екінші Олимпиадаға іріктеу кезеңі өтуде. Үш қазақстандық спортшы келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

 olympic.kz 23 Маусым 2024 2024, 03:30
23 Маусым 2024 2024, 03:30
789
Фото: olympic.kz

Венгрияның Будапешт қаласында спорттық құзға өрмелеуден екінші Олимпиадаға іріктеу кезеңі өтуде. Үш қазақстандық спортшы келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

"Жылдамдық" бойынша Әмір Маймұратов пен Ришат Хайбуллин 1/8 айналымға шықты. Маймұратов іріктеу кезеңін жақсы ұпаймен аяқтады.

Сондай-ақ Тамара Улжабаева бірінші айналымнан сүрінген жоқ.

Айта кетелік, турнир аясында олимпиадалық квоталар сарапқа салынады. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы жеті орынға ие болған спортшылар Олимпиадаға жолдама алады. Бірінші кезең Шанхайда өтіп, Маймұратов 11, Хайбуллин 32-орынға табан тіреді.

Наверх