Спорттық медициналық орталық 12 618 адамға медтексеру жүргізеді

29 Наурыз 2023, 12:20
1061
Бөлісу:
Спорттық медициналық орталық 12 618 адамға медтексеру жүргізеді

Спорттық медициналық орталық «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-ге бағынысты ведомстволық ұйымдарының қызметкерлеріне тереңдетілген медициналық тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шамамен 12618 адамға медициналық тексеру жүргізу қолға алынбақ. 

Сондай-ақ болашақта оңалту, сауықтыру және физиотерапия бөлімі болатын 1-тұрғын емес ғимаратқа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қосымша, мамандандырылған медициналық, сауықтыру және физиотерапиялық құрал-жабдықтарды сатып алу жоспарлануда, бұл өз кезегінде спортшылардың жарыстардан немесе жарақаттан кейін сауықтыру және қалпына келуін тездетеді.

БЖМОСРМ және Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушылары мен спортшылары үшін спорт медицинасы және спорт психологиясы бойынша лекциялар курсын бастау үшін жоспар мен кесте жасалмақ.

Астана медицина университетімен және Назарбаев университетімен спорт саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және болашақ және қазіргі спорт медицинасы дәрігерлерін практикалық оқыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланып жатыр. 

Орталықтың алдағы 3 жылдағы стратегиялық  жоспарында  құрамына спорт медицинасы дәрігерлері, реабилитологтар, физиотерапевтер, емдік жаттығу нұсқаушылары, спорт психологы, диетолог-нутрициолог сияқты мамандар кіретін кешенді ғылыми топ ашу барын атап өту керек. 

Өзгелердің жаңалығы