Спорттық дүкеннен ұрлық жасаған екі жас жігіт ұсталды

3 Қыркүйек 2022, 18:59
1201
Бөлісу:
Спорттық дүкеннен ұрлық жасаған екі жас жігіт ұсталды

Полицияға спорттық дүкеннің өкілі хабарласып, белгісіз біреулер дүкеннен ерлер киімдерін ұрлап кеткенін айтып арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Есіл» ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 19 жасар және Қызылорда облысының 26 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында күдіктілер күндізгі уақытта сағат 17:00 шамасында Тұран даңғылының бойындағы сауда орталығының бірінде болып, спорттық дүкенге клиент кейпінде келгені анықталды. Содан жас жігіттер сатушылардың назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, таңдап алған спорттық киімдерді рюкзагына салып алып дүкеннен еш кедергісіз шығып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын сомасы 212 мың теңгені құрады.

Күдіктілерге қатысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталған азаматтардың бұрын ұрлық жасағандары үшін сотты болғандары белгілі болды. Олардың елорда аумағында басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы